БҰҰ Ердоған мен Путинге шақыру тастады

Мистура Женевада баспасөз мәслихатында екі басшыға үн қатты.

1043302
БҰҰ Ердоған мен Путинге шақыру тастады

БҰҰ Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура президент Режеп Тайып Ердоған және Ресей президенті Владимир Путинді Сирияның Идлиб аймағындағы жағдайға тез арада формула табуға шақырды.

Мистура Женевада баспасөз мәслихатында екі басшыға үн қатты.

«Сіздер бір-біріңізбен сөйлесе алатын тұлғасыздар.  Бір- біріңізге телефон шалыңыздар, мына қара түнектің доғарылуына көмектесетін формула қалыптастырыңыздар.  Екеуіңіздің сөйлесуі Тегерандағы саммиттен бұрын үлкен өзгерістерге себеп болуы мүмкін» деді ол.

Сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысының баспасөз өкілі Стефан Дужарик Сирияның солтүстік батысындағы Идлиб қаласында Башар Асад әкімшілігі мен қолдаушыларының жасау мүмкін операциясына қарсы «жоғары деңгейде дабыл» соғып отырғандарын білдірді.  Дужарик күнделікті баспасөз брифингінде Идлибке операция және Ресейдің кешегі шабуылдары жөнінде сөз қозғады.

Идлиб пен Хамадағы орыс әуе шабуылының мектеп және маркет секілді жерлерде адамдарға зиян келтіргенін атап көрсеткен БҰҰ өкілі: «БҰҰ Идлибтегі гуманитарлық ахуалдың нашарлауы мен өңірдегі әскери проблема жол ашатын жағдайға алаңдайтынын тағы бір рет қайталайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар