Заңсыз жолмен шетелге баруға әрекет жасаған келімсектер ұсталды

Грекияның Мидилли аралына баруға әрекет жасаған 70 келімсек ұсталды.

1036335
Заңсыз жолмен шетелге баруға әрекет жасаған келімсектер ұсталды

Чанаккаленің Айваджык ауданында заңсыз жолмен Грекияның Мидилли аралына баруға әрекет жасаған 70 келімсек ұсталды.

Күзету қызметін атқарған теңіз қорғаныс күштері Күчүккуйу мен Кадырға мүйісінде екі бөлек топтың үрлемелі қайықпен Мидилли аралына бағытталғанын анықтады.

Осының артынан жасалған операцияда араларында әйел мен балалар да бар ауған текті 70 келімсек ұсталды.

Келімсектер Күчүккуйу Жандармерия қолбасшылығында тергеу жұмыстарының артынан Айваджык Шетелдіктерді кері қайтару орталығына тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар