Сыртқы істер министрінен іскер әлеміне сүйінші

Түркия мен Ресей виза жеңілдігі тақырыбында келісті.

1033571
Сыртқы істер министрінен іскер әлеміне сүйінші

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу виза тақырыбында іскер әлеміне сүйінші берді.

Түркия мен Ресей виза жеңілдігі тақырыбында келісті.

Министр Чавушоғлу 10-шы Өкілетті елшілер конференциясы аясында Сыртқы экономикалық қатынастар кеңесі мен Түркия Экспортшылар Мәжілісі тарапынан берілген кешкі қонақасыда өкілетті елшілерге үн қатты.

Баяндамасында тақырыпты Анкарадағы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен әңгімелескендерін атап көрсеткен Чавушоғлу «Іскерлер мен ресми қызмет паспорттарына визаларды жойдық. Әсіресе жүк көлігі жүргізушілеріміздің виза шартын жақында жою жайлы келістік» деді.

Келісімнің іске қосылуы үшін тамыз айының соңына назар аударған Чавушоғлу «Айт демалысының артынан ортақ жұмыс тобымыз бас қосып, қабылданған шешімдерді іске қосады» деді.

Чавушоғлу визасыз саяхат тақырыбында барлық елдермен жұмыстардың жалғасқанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар