"Түркияның ең үлкен күресі - терроризммен күрес"

Ердоған Жандармерия Жағалау қауіпсіздігі академиясы мешітінің ашылу салтанатында сөз сөйледі

1002634
"Түркияның ең үлкен күресі - терроризммен күрес"

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа құрылатын үкіметтің алдымыздағы кезеңде де ең үлкен күресінің терроризммен күрес болатынын айтты.

Ердоған Анкарада Жандармерия Жағалау қауіпсіздігі академиясы мешітінің ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Терроризммен күресте арнайы білімді әскерлердің едәуір ықпалды екенін атап көрсеткен президент Ердоған: «Десанттарымызды қаншалықты арттырсақ,  арнайы жасақтарды қаншалықты арттырсақ,  терроризммен күресіміз соншалықты артады» деді.

Алдымыздағы кезеңде ең үлкен күрестің терроризмге қарсы жүргізілетінін айтқан президент «Елімізде тыныштық болуы үшін терроризмді езуіміз керек» деді.

Президент түрік әскеріне «Мұхаммед» деген мағынаға келетін Мехметчик деп есім берілгенін еске сала келе: «Басқа ешбір елдің әскері Мехмет деп аталмайды.  Сіз, түрік әскерлері, пайғамбарларға ең жақын мәртебе болып табылатын шейіттікке әрдайым дайынсыздар.  Алла осы сапарыңызды мүбарак қылсын» деді.



Ұқсас жаңалықтар