Палестина үкіметі Ердоғанға алғыс айтты

Палестина үкіметі кезектен тыс Ислам саммитіне шақырғанына орай президент Ердоғанға алғыс айтты.

977268
Палестина үкіметі Ердоғанға алғыс айтты

Палестина үкіметі Стамбулда ұйымдастырылған Ислам Ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс Ислам саммитіне шақырғанына орай президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.

Палестина премьер-министрі Рами әл-Хамдаллах жасаған мәлімдемесінде «Палестина халқы атынан Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанға, түрік үкіметіне және түрік халқына Ислам Ынтымақтастық ұйымы Ислам саммитіне шақырылғанына орай алғыс айтамыз» делінді.

АҚШ-тың өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруі және  Израиль  әскерлерінің Газада қарусыз палестиналықтарды қырғындауы, сондай-ақ осы қырғындауда 60 палестиналықтың шейіт етілуі және 2770 адамның жарақат алуы барша әлемнің ең үлкен оқиғасы болды. Бұл оқиғаға көптеген ел наразылық көрсетті.Осы оқиғаларға орай Ислам Ынтымақтастық ұйымы кезектен тыс Ислам саммиті президент Режеп Ердоғанның үндеуімен 18 мамырда Стамбулда өткізілді.


Этикеттер: #Палестина , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар