Афринде 1 террорист ұсталды

PKK/PYD-YPG террор ұйымы мүшесі Хатай қаласында соттың шешімімен тұтқындалды.

969749
Афринде 1 террорист ұсталды

Сирияның Африн аймағында қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-лік террорист апарылған Хатай қаласында сот тарапынан тұтқындалды.

Афринде іздестіру жұмыстарын жалғастырған түрік әскері террор ұйымы мүшесі екені анықталған сириялық террористті ұстады.

Зәйтүн бұтағы операциясында Джиндерес аймағында түрік әскеріне қарсы террор ұйымымен бірге қозғалғаны анықталған террорист Кырыкхан аудандық жандармерия қолбасшылығына ұстап берілді.

Жандармерия террористті тергеу жұмыстарының артынан сотқа жіберді. Сот отырысында тұтқындауға шешім қабылданған террорист түрмеге қамалды.



Ұқсас жаңалықтар