Террормен күресу табадылықпен жалғасуда

Операция аясында осы таңға дейін 214 мина және 159 қолдан жасалған жарылғыш күйретілді.

969316
Террормен күресу табадылықпен жалғасуда

Түрік Қарулы Күштері тарапынан Зәйтүн бұтағы операциясы басталғаннан осы таңға дейін залалсыздандырылған террорист саны 4448 болды.

Бас Штаб басқармасы Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясына байланысты мәлімдеме жасады.  

Мәлімдемеге қарағанда операция аясында террор ұйымдарымен жүргізілген қақтығыстарда осы таңға дейін 54 әскер шейіт болды, 233 әскер жарақат алды.

Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы тарапынан 2018 жылы 18 наурыз күні бақылау астына алынған Афринде мина және қолдан жасалған жарылғыштардың іздеу жұмыстары да жалғасуда.

Операция аясында осы таңға дейін 214 мина және 159 қолдан жасалған жарылғыш күйретілді.



Ұқсас жаңалықтар