Аманостардағы операцияларда 25 террорист өлтірілді

Соңғы 21 күнде Аманос тауларында 25 террорист залалсыздандырылды.

953229
Аманостардағы операцияларда 25 террорист өлтірілді

Хатай және Османийе қалалық жандармерия қолбасшылықтарына қарасты операциялық топтар соңғы 21 күнде Аманос аймағында 25 террорист өлтірді.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Хатайдың Искендерун ауданында бүгін тағы екі террорист залалсыздандырылды.

Осылайша соңғы 21 күннің ішінде Хатай-Османийе аймағында өлтірілген террорист саны 25-ке ұласты.



Ұқсас жаңалықтар