БҰҰҚК-нің жүйесі өзгеруі керек

Чавушоғлұ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің реформа жасауы керектігін айтты.

950709
БҰҰҚК-нің жүйесі өзгеруі керек

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің реформа жасауы керектігін айтты.

Чавушоғлұ Сыртқы істер министрлігі дипломатия академиясы тарапынан ұйымдастырылған Халықаралық жас дипломаттардың білім алу бағдарламасында сөз сөйледі.

Баяндамасында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің жаһандық мәселелерді шешуде жеткіліксіз болғанын түсіндірген Чавушоғлұ мәселелердің шешімі немесе қақтығыстардың доғарылуы түйінінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Одағы, Еуропа Кеңесі сынды халықаралық немесе аймақтық ұйымдардың жауапкершілік алулары керектігін, сондай-ақ осы ұйымдардың көбінің мәселелерді шешуде ықпалды болмағанын, олардың реформа жасауы керектігін білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының кең көлемді, тіпті ықпалды және жұмыс істей алуы керектігін баяндаған Чавушоғлұ «Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесінің де реформа жасауға қажеті бар. Сирияда химиялық шабуылдың тексерілуі үшін БҰҰ механизмі құрылуына байланысты шешім жобасының талқыға салынуы бар еді. Біз де қолдау көрсеттік. Тек бір ел, яғни біздің досымыз болған Ресей вето етті. Қазір тіпті үлкен қауіп төнуде. Тек бір ел қосылмағанда БҰҰ ешбір тақырыпта шешім жасай алмайды. Сондықтан бұл жүйенің өзгерілуі керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар