"Акса мешіті еркін болмаса, мұсылмандардың да көңілі еркін болмайды"

Дін істері басқармасының басшысы Проф. Ербаш Миғраж түніне орай хабарлама жариялады.

950674
"Акса мешіті еркін болмаса, мұсылмандардың да көңілі еркін болмайды"

ТР Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш Акса мешіті еркін болмаса, мұсылмандардың да көңілінің еркін болмайтынын айтты.

Дін істері басқармасының басшысы Проф. Ербаш Миғраж түніне орай хабарлама жариялады.

Ербаш Миғраждың Мекке дәуірінде Алланың елшісі пайғамбардың қиын кезеңде Харам мешітінен Акса мешітіне,  ол жерден де аспанға барып,  ұлы Жаратқанның шексіз құдіретін көрген сапары екенін баяндады.

«Жер бетіндегі қасиетті екі ғибадатхана – Харам мешіті мен Акса мешітінен көкке созылған осы керемет сапар – Әзірет Мұхаммед арқылы бүкіл адам баласының алдына ашылған үлкен көкжиек,  Алланың рақымына, күшіне және құдіретіне куә болу,  болмысының өзегі мен мағынасына деген шынайы сапар» деді ол.

Ол: «Миғраж – жеке адамды,  қоғамды және бүкіл адам баласын ұлықтайтын құндылықтармен қауышып,  әртүрлі жамандықтан тазалану және құдайдың бұйрықтарына бас иіп, ұлы мәртебелерге жету ынтасын көрсету» деді.

Миғраж түнінің Акса мешітін еске салатынын айтқан Ербаш: «Акса мешіті еркін болмаса,  мұсылмандардың рух пен көңілі де еркін емес.  Осы қасиетті түн Акса мешіті санасын,  сағынышын және ынтасын арттырып, Миғраж ғибадатханасының басқыншылықтан және зұлматтан құтқарылуына себеп болсын деп тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар