Ішкі істер министрі мен Ұлттық қорғаныс министрі Кабулда

Түрік министрлер Кабулдағы түрік қызмет күші қолбасшылығында түрік әскерлерімен бас қосты

946769
Ішкі істер министрі мен Ұлттық қорғаныс министрі Кабулда

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Ұлттық қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли және қасындағы делегация Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы Түрік қызмет күші қолбасшылығында міндетін атқарған түрік әскерлерімен бас қосты.

Сойлу мен Джаникли премьер-министр Бинали Йылдырымның Ауғанстан сапары алдында Кабулда қызмет еткен Түрік қызмет күші қолбасшылығына барды.

Сапар аясында Сойлу және Джаникли қолбасшылықта қызмет еткен жандармерия және әскерлермен бірге азанғы ас ішті.

Кейін қолбасшылықты аралап, қолбасшылардан ақпарат алған Ішкі істер министрі Сойлу әскери қызметкерлермен әңгімелесті.



Ұқсас жаңалықтар