Афринде ауданның қауіпсіздігі күшейтілді

Африн аудан орталығында Еркін Сирия армиясына қарасты әскери полиция күші қызметін бастады.

943468
Афринде ауданның қауіпсіздігі күшейтілді

Еркін Сирия армиясы мүшелерінен тұратын әскери полициялар жалпы қауіпсіздік шараларын күшейту үшін Африн аудан орталығында қызметін бастады.

Сирия уақытша үкіметі 2017 жылы желтоқсан айында Еркін Сирия армиясы құрамындағы шамамен 30 топ «Ұлттық армия» атымен бір шаңырақ астында жиналды.

Ұлттық армияға қарасты әскери полиция ұйымы Евфрат қалқаны операциясы аймағында Еркін Сирия армиясына қарасты полиция ұйымына қолдау мақсатты құрылды.

Еркін Сирия армиясына қарасты күштер қала орталығының қауіпсіздігін әскери полицияға өткізіп, іздестіру және жалпы қауіпсіздік жұмыстарын қаланың ауылдық аймағында шоғырландырмақ.

Әскери полициялар бұл аяда ауданның кіріс пен шығысына бақылау бекеттері құрды. Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы 18 наурыз күні Афринді террордан тазалаған болатын.

Операциялар кезінде таулық алаңдарға қашып жасырынған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK мүшелеріне бағытталған іздестіру жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар