Афринде террор ұйымының тағы бір базасы табылды

Еркін Сирия армиясы Африн аудан орталығының оңтүстігінде YPG/PKK террор ұйымының тағы бір жаттығу алаңын тапты.

940226
Афринде террор ұйымының тағы бір базасы табылды

Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның солтүстігінде жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясы аясында содырлардан тазаланған Афринде іздеу жұмыстарында террор ұйымы YPG/PKK-ның арнайы қарулы тобы «HAT»-тың оқу-жаттығу, жиналу жері және баспана ретінде қолданған тағы бір базасы табылды.

Еркін Сирия армиясы ауданда іздестіру жұмыстары барысында Африн аудан орталығының оңтүстігінде YPG/PKK террор ұйымының тағы бір жаттығу алаңын тапты.

Аталмыш аймақта оқу-жаттығу мақсатты үлкен алаңдар мен шабуылдардың артынан пайдалану үшін туннельдер және бетонмен күшейтілген бекіністер табылды.

Жер астына салған бөлмелерде оқ-дәрі қоймаларына қоса, рация байланыс құрал-жабдықтары мен ноутбук компьютер сияқты электроникалық аппараттар тәркіленді.

Жер үстінде болса ашық оқу-жаттығу алаңдары, үйілген көптеген пулемет, қару және басқа оқ-дәрілер табылды.

Еркін Сирия армиясы қолбасшыларының бірі Исмаил Хадж Сүлейман анықталған базада оқу-жаттығу алаңдары, баспаналар, әйелдер үшін бөлек жаттығу лагері мен штаб орталығы бар екенін білдірді.

Сүлейман террористердің лагерде қолдан жасалған жарылғыштар мен бомба тиелген көлік дайындықтарын анықтағандарын да атап көрсетті.

Еркін сирия армиясы 11 наурыз күні аудан орталығының 2 шақырым солтүстік шығысында «135-ші полк» деп аталған және «HAT» тарапынан қолданылған бір базаны да содырлардан тазалаған болатын.

Террористтер осында Еркін Сирия армиясы күштерімен шағын қақтығысқа кіріп, кейін көлік, қару-жарақ және оқ-дәрілерін тастап қашқан болатын.

Америка Құрама Штаттары көпшілігі Евфрат өзенінің шығысында «HAT» күштерін ұзақ уақыттан бері жаттықтыруда.



Ұқсас жаңалықтар