Еуропа Одағы шынайы емес

Йылдырым Еуропа Одағының Түркияға бағытталған тұғырының шынайылығын көре алмағандарын айтты.

938654
Еуропа Одағы шынайы емес

Премьер-министр Бинали Йылдырым Варна саммитінде Еуропа Одағының Түркияға бағытталған тұғырының шынайылығын көре алмағандарын айтты.

Премьер-министр, Әділет және даму партиясы төрағасының өкілі Бинали Йылдырым партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында баяндама жасады.

Йылдырым баяндамасында Болгарияның Варна қаласында кеше өткізілген Түркия-Еуроодақ саммитіне тоқталды.

Түркияның Еуропа Одағына берген уәделерін орындағанын түсіндірген Йылдырым Түркия мен Одақ арасындағы қиыншылықтардың Еуропа Одағының тосқауылынан туындағанын атап өтті.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Еуропа Одағы тарапынан туындаған қиыншылық салдарынан сенімсіздік болғанын білдірді.

Йылдырым Түркияның Сирия және Ирактағы ішкі былықпа кесірінен болған босқын ағыны тақырыбында 2016 жылы 18 наурыз күні Еуропа Одағымен бір келісім жасағанын меңзеді.  Премьер-министр Түркияның өз міндетін орындап, Еуропаға бет алған босқын ағынын тоқтатқанын, алайда бұған қарата Еуропа Одағының Түркия азаматтарына виза жеңілдігі жасайтыны жөніндегі уәделерінде тұрмағанын еске салды.

Йылдырым Еуропа Одағының Түркияға босқындардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін уәде берген 3,3 миллиард евролық ақшалай қолдаудың қолданылуында да көптеген бюрократтық қиыншылықтар мен тосқауылдар салдарынан ілгерілеушілік болмағанын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар