Премьер-министр және сыртқы істер министрі Ресейге көңіл айтты

Премьер-министр Бинали Йылдырым мен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресейге көңіл айтты.

937366
Премьер-министр және сыртқы істер министрі Ресейге көңіл айтты

Премьер-министр Бинали Йыллырым Ресейдегі бір сауда үйінде шыққан өрттің салдарынан қаза тапқандар үшін орыс әріптесіне көңіл айту жедел хатын жолдады.

Премьер-министрдің жедел хатында «Ресейдің Кемерово қаласындағы бір сауда үйінде шыққан өртте балаларға қоса көптеген орыс азаматының қаза тапқанын және жарақат алғанын күйзеліспен үйрендім. Бұл өкінішті оқиғада қаза тапқандардың туыс-тамырларына сабыр тілеймін. Сіздің назарыңызда орыс халқы мен үкіметіңізге халқым мен үкіметім атынан көңіл айтамын» делінді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресейде бір сауда орталығында шыққан өртте қаза тапқандар үшін орыс халқына көңіл айтты.

Министр Чавушоғлу твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде Ресейдің Кемерова қаласында шыққан өртте қаза тапқан көптеген орыс азаматы үшін қайғырғанын жазды.

«Орыс халқына және мемлекетіне көңіл айтамын, өртте тамыр-туыстары қаза тапқан жанұяларға сабыр тілеймін» деген Чавушоғлу Ресей Сыртқы істер министрлігінің твиттер парақшасына да жазған твитті қосты.

Кемерово қаласындағы бір сауда орталығының ең жоғарғы қабатында кино-театр залдары мен бала ойын алаңдарында өрт шығып, 52 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар