Түркия-Еуропа Одағы саммиті қарсаңында жиналыс өтті

Түркия-Еуропа Одағы саммиті қарсаңында Анкарада дайындық жиналысы ұйымдастырылды.

935850
Түркия-Еуропа Одағы саммиті қарсаңында жиналыс өтті

Болгарияның Варна қаласында 26 наурыз күні өткізілетін Түркия-Еуропа Одағы саммиті қарсаңында Анкарада дайындық жиналысы ұйымдастырылды.

Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челиктің басшылығындағы жиналысқа жоғарғы деңгейдегі лауазымдар қатысты.

Жиналыста өткізілетін саммитте қолға алынатын тақырыптар және ұстанатын жол картасы күн тәртіпке келді.

Саммитте Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастары, экономика, сауда, қауіпсіздік, террормен күресу, сыртқы дипломатия және Палестина, Балкан, Сирия, Аракан, Ирак, Ливия сынды аймақтық мәселелер қолға алынады.

 



Ұқсас жаңалықтар