Түркия Кабулда жасалған террор шабуылын айыптады

Кабулда Наурыз мерекесі тойлап жатқан қалың жұртты нысанаға алған террор шабуылында 26 адам қаза тапты.

935296
Түркия Кабулда жасалған террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Кабулда кеше Наурыз мерекесі тойланған кезде жасалған террор шабуылында қаза тапқан және жарақат алған көптеген ауған азаматы бар екенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде «Аталмыш опасыз террор шабуылын айыптаймыз, қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын, дос және бауырлас ауған халқына көңіл айтамыз. Жаралыларға жедел шипа тілейміз» делінді.

Кеше бір жанкешті Кабул Университеті маңындағы Наурыз мерекесі тойлап жатқан қалың жұрттың арасына кіріп, үстіндегі бомбаны жарған болатын. Шабуылда жазықсыз 26 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар