Ердоған Владимир Путинді құттықтады

Ердоған Ресей Федерациясының  президенттігіне қайта сайлануымен Владимир Путинді құттықтады.

933268
Ердоған Владимир Путинді құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей Федерациясының  президенттігіне қайта сайлануымен Владимир Путинді құттықтады.

Президенттік қайнар көздерінен алынған мағлұматтарға қарағанда президент Ердоған Путинге телефон шалды.

Ердоған жексенбі күні өткізілген сайлауда Ресей Федерациясының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты Путинді құттықтады.

Телефондағы әңгімесінде Ердоған екі ел қарым-қатынастары және Сирия тақырыбында келесі ай Стамбулда Иран президенті Хасан Руханидің де қатысатын үштік саммитіне тоқталды. Телефон әңгімелерінде екі лидер екі ел арасындағы ынтымақтастығын күшейту жөніндегі табандылығын қайталады.



Ұқсас жаңалықтар