Афринде террор ұйымының жер астындағы оқ-дәрі қоймасы табылды

Африн операциясында YPG/PKK-ға тиесілі 12 бөлмелі үлкен жерасты оқ-дәрі қоймасы табылды.

932245
Афринде террор ұйымының жер астындағы оқ-дәрі қоймасы табылды

Сирияның солтүстігінде Түрік қарулы күштері жүргізген Зәйтүн бұтағы операциясы аясында Африн ауылдық аймағында жалғасқан іздестіру жұмыстарында YPG/PKK-ға тиесілі 12 бөлмелі жерасты оқ-дәрі қоймасы табылды.

Еркін Сирия армиясының қолдауымен 20 қаңтар күні басталған операция барысында Түрік қарулы күштері жасақтарының әуе көліктерімен аймақтағы барлау жұмыстары жалғасуда.

Бұл аяда Африннің солтүстік батысындағы Джувейк ауылында соғыс ұшақтары мен зеңбірек шабуылынан қорғау мақсатты жердің астында бетон дуалдармен салынған және үстіне топырақ үйіп жасырынған 150 метр ұзындығындағы оқ-дәрі қоймасы әшкереленді.

Түрік әскері ауыл тұрғындары мен айналасындағы жазықсыз халыққа зиян келмеуі үшін жойған жоқ.

Қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданып, Еркін Сирия армиясы жасақтарымен  оқ-дәрі қоймасына кірген түрік әскерлері туннельдің ішінде 12 бөлмелі қоймада АҚШ және орыс өнімі мыңдаған ұшақ қағар және ДШК оқ-дәрісі, анти танк зымырандары, зеңбірек оғы, көп тұмсықты зымыран қағар, әртүрлі мөлшерлерде танкі оғы мен TOW зымыраны қолға түсті.

Басқа жағынан Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы тарапынан бақылауға алынған Телеф ауылында болса террор ұйымының «саяси оқу лагері» табылды.

Үш қабатты, аула мен хауызы бар ғимаратта бөлшектеуші террор ұйымы басшысы Абдуллах Өджаланға тиесілі кітаптарға қоса көптеген құжат пен жарнамалар табылды.



Ұқсас жаңалықтар