"Түркиямен ұйымшылдық ішіндеміз"

НАТО Бас хатшысы Түркияға алғыс айтты.

928640
"Түркиямен ұйымшылдық ішіндеміз"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг террор қаупіне қарсы Түркиямен ұйымшылдық ішінде екендерін айтты.

Столтенберг Анадолы агенттігіне берген сұхбатында өте маңызды НАТО одақтасы ретінде қоллективтік қауіпсіздікке,  НАТО операцияларына және миссиясына көптеген елеулі үлес қосқан Түркияға алғыс айтты.

Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағына бағытталған Зәйтүн бұтағы операциясы жөнінде де Столтенберг Түркияның қауіпсіздікке байланысты орынды уайымдары бар екенін атап көрсетті.

НАТО-ның Түркияны қолдайтынына назар аударған Столтенберг: «Осы аяда Түркияға кейбір кепілгерлік шараларын ұсынып отырмыз.  Түркияда әскери болмысымыз бар.  Ерте ескерту және барлау ұшақтары түрік әуе кеңістігінде. Сонымен бірге әуе қорғаныс жүйесін де орналастырдық» деді.

Столтенберг: «Түркияға НАТО-ға қосқан үлесіне орай алғыс айтамыз және елде соңғы жылдары артқан әскери күшіміз арқылы оңтүстіктен келген террор қаупіне қарсы Түркиямен ұйымшылдық ішінде екенімізді көрсетіп отырмыз» деді.

Йенс Столтенберг Түркияның Ресейден әуе қорғаныс жүйесін алуына байланысты да: «Түркия секілді барлық одақтастарымыз қайдан әскери жүйеге инвестиция салғысы келсе,  ол өз шешімдері.  Бұл да Түркияның ұлттық шешімі» деді.



Ұқсас жаңалықтар