Залалсыздандырылған содыр саны 3 мың 300-ге ұласты
Сирияның Африн аймағындағы соңғы операцияларда тағы 87 террорист залалсыздандырылды.
Зәйтүн бұтағы операциясында Афринде залалсыздандырылған содыр саны 3 мың 300-ге ұласты.
Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда.
Соңғы операцияларда тағы 87 террорист залалсыздандырылды. Соңғы екін күндегі операцияларда болса 13 ауыл террористтерден құтқарылды.
Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы күштері Африннің солтүстігіндегі Шедан ауданына қарасты Кара төбе және Кастел Кечик ауылдары мен Африн аудан орталығына қарасты Халидийе, Джулбул ауылдары және Джиндерес ауданына қарасты Кане Кауер ауылын террор ұйымынан тазалады.
Түрік қарулы күштері мен операцияларға қолдау берген Еркін Сирия армиясы күштері операция басталған күннен бері YPG/PKK және ДАИШ-тің бақылауындағы Афринде 5 аудан орталығы, 140 ауыл, 31 стратегиялық орын барлығы 176 елді мекенді азат етті.
YPG/PKK-ның баспана мен қорғаныс желілерінің көпшілігі Африн аудан орталығында орын алады.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.