Министр Чавушоғлу Юнус Эмре институтының ашылу рәсіміне қатысты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Юнус Эмре институттарының достық көпірі екенін атап көрсетті.

925342
Министр Чавушоғлу Юнус Эмре институтының ашылу рәсіміне қатысты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде Юнус Эмре Институты немесе Түрік мәдениет орталығының санын арттыру үшін талпыныстарымыз жалғасуда. Өйткені біз Юнус Эмре институтын елдер арасындағы байланыс пен достық көпірі ретінде бағалаймыз» деді.

Германиядағы байланыстарының артынан Австрияның бас қаласы Венаға өткен Чавушоғлу осында Вена Юнус Эмре Институты (YEE) ашылу рәсіміне қатысты.

Чавушоғлу баяндамасында Венада 2015 жылдан бері жұмыстарын жалғастырған Вена Юнус Эмре Институтын мақтан тұтқандарын атап, «Юнус Эмре Институты Түрік Мәдениет орталығының ашылуында сіздермен бас қосқаныма қуаныштымын» деді.

Вена Юнус Эмре Институтында қазірге дейін 248 адамның түрік тілін үйренгенін атап айтқан Чавушоғлу мекеменің түрік тілі сабақтарына қоса жүзеге асырған әртүрлі іс-шаралармен де жаңғырық туғызғанын еске салып, мекеме қызметкерлерін құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар