Операция табанды түрде жалғасуда

Хулуси Акар шейіт және ардагерлердің бір тамшы қанының босқа кетпейтінін айтты.

921900
Операция табанды түрде жалғасуда

Бас Штаб басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар шейіт және ардагерлердің бір тамшы қанының босқа кетпейтінін айтты.

Акар «Шейіт пен ардагерлердің бір тамшы қаны босқа кетпейді. Түрік Қарулы Күштері террор ұйымдарына жәрдем бергендерді сөзсіз түрде жеңеді» деген сөздер қолданды.

Акар Зәйтүн бұтағы операциясына байланысты жасаған мәлімдемесінде «Күресімізді әскерлеріміз, жандармериямыз, полициямыз, қауіпсіздік қорғаушыларымыз және Еркін Сирия армиясының жасақтарымен жалғастырудамыз. Операциялар соңғы террористті өлтіргенге дейін табанды түрде жалғасады» деді.

Акар «Операция барысында жай халықтың зардап шекпеуі үшін сезгір әрекет етілуде. Бұл әрекеттер әрі әскери, әрі адами құндылықтар тұрғысынан барша әлемге үлгі болатындай жасалуда. Операция аймағында қалған халықтың тұрмыстық мұқтаждарын қамтамасыз етудеміз. Медициналық және басқа жәрдемдердің жеткізілуіне көмек берудеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар