Залалсыздандырылған содыр саны 2 мың 21-ге ұласты

Террор ұйымдарына бағытталған Африндегі Зәйтүн бұтағы операциясы үздіксіз жалғасуда.

917684
Залалсыздандырылған содыр саны 2 мың 21-ге ұласты

Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында жалғасқан Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған содыр саны 2 мың 21-ге ұласты.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда операция аясында террор ұйымдары PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-ке мүше террористерді залалсыздандыруға бағытталған құрлық пен әуе операциялары жалғасуда.

20 қаңтар күні басталған операцияда қазірге дейін залалсыздандырылған террорист саны 2 мың 21-ге ұласты.

Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы Африннің солтүстік батысындағы Раджу ауданында Шейх Мұхаммедли, Дуду, Шемалык, Великли және Каванда ауылдарын YPG/PKK-ДАИШ-тен құтқарды.



Ұқсас жаңалықтар