Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасады

Операцияда залалсыздандырылған содыр саны мың 829-ға ұласты.

916304
Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасады

Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Зәйтүн бұтағы операциясын табанды түрде жалғастыратынын айтты.

Ердоған баяндамасында Түрік Қарулы Күштері тарапынан     Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталды.

Бүгін таңертеңнен бастап Африн аймағында залалсыздандырылған содыр санының мың 829-ға ұласқанын түсіндірген Ердоған «Бұл бір сенім мен иманның нәтижесі болып табылады. Кейбір жалған қауесеттер таралуда. Біз операцияны табанды түрде жалғастырамыз» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар