Суданмен ынтымақтастық артады

Вице-премьер Хакан Чавушоғлу Суданда.

914860
Суданмен ынтымақтастық артады

Вице-премьер Хакан Чавушоғлу Судан мен Түркия арасында ынтымақтастық артатынын айтты.

Хакан Чавушоғлу мен қасындағы делегация мемлекеттік сапармен Суданда.  Вице-премьерді Хартум әуежайында Судан Туризм министрі Мұхаммед Мұстафа Әбу Зейд қарсы алды.

Чавушоғлу артынан Судан премьер-министрі Бекри Хасан Салихпен кездесті.

Вице-премьер Чавушоғлу Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталып,  Судан үкіметінің операцияға қолдау бергенін айтты.

Чавушоғлу сонымен бірге президент Ердоғанның Судан сапары барысында күн тәртібіне келген Севакин аралындағы туындылардың реставрациясына байланысты тексеру жүргізді.  Вице-премьер 20 кісілік команданың аралда алғы жұмысты бастап кеткенін білдірді.

Артынан Чавушоғлу 2500 адамға азық-түлік таратқан ТИКА бағдарламасына қатысты.



Ұқсас жаңалықтар