"Жасырын тақырыбымыз жоқ"

Премьер-министрді Белоруссия президенті қабылдады.

911185
"Жасырын тақырыбымыз жоқ"

Премьер-министр Бинали Йылдырым не Түркияның не болмаса Белоруссияның жасырын тақырыбы немесе басқа елдерге байланысты есебі жоқтығын айтты.  «Біз тек елдеріміздің дамуын,  халықтарымыздың тыныштығын тілейміз» деді ол.

Мемлекеттік сапармен Белоруссияға барған премьер-министр Бинали Йылдырым Тәуелсіздік сарайында президенті Александр Лукашенко тарапынан қабылданды.

Тиісті кездесу болғанын және екі жақты қарым-қатынасты қолға алғандарын айтқан Йылдырым президент Ердоғанның 2016 жылғы сапарында екі ел үшін жоспарланған мақсаттардың орындалуы бағытын талқылағандарын білдірді.

Белоруссия президенті Лукашенко да «Соңғы бірнеше жылдан бері сауда-экономикалық қатынастарда жақсы жетістіктер бар» деді.

Лукашенко Түркия мен Белоруссия қарым-қатынастарында мекемелердің өте маңызды орынға иек екенін айтып, сауда айналымының 1 миллиард доллардан асқанын тілге тиек етті. «Қарым-қатынастарымызда не сізде не болмаса бізде жасырын тақырып жоқ. Қатынастарды жетілдіру үшін шарттар қолайлы» деді.



Ұқсас жаңалықтар