Залалсыздандырылған содыр саны 1 мың 528-ге ұласты

Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясы үздіксіз жалғасуда.

911047
Залалсыздандырылған содыр саны 1 мың 528-ге ұласты

Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырған содырлар саны 1 мың 528-ге ұласты.

Бас Штаб Басқармасынан жасалған мәлімдемеде Зәйтүн бұтағы операциясы аясында бүгін құрлық пен әуе операциялары нәтижелерінде террор ұйымдары PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-ке мүше тағы 43 террорист залалсыздандырылды.

Мәлімдемеде операция басталған 20 қаңтар күнінен бері залалсыздандырған содырлардың саны 1 мың 528-ге ұласқаны атап көрсетілді.

Түрік қарулы күштері және Еркін Сирия армиясы Афринде Карри, Шербанлы, Шедья және Дураклы ауылдарын бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-тен құтқарды.

Осылайша Түркия шекарасы бойынша Раджуның батысындағы қауіпсіздік аймағы мен Шейх Хадид ауданының солтүстігіне дейін созылған тағы қауіпсіз бір аймақ бірікті.

Операция басталған күннен бері PKK/PYD террор ұйымының басқыншылығындағы Африннің 5 ауданында біреуі аудан орталығы 40 ауыл, 3 ауыл маңындағы тұрғын аймағы, 14 стратегиялық тау мен төбе барлығы 58 жер ұйымнан құтқарылды.



Ұқсас жаңалықтар