Премьер-министр Қауіпсіздік конференциясына қатысады

Қауіпсіздік конференциясы 16-18 ақпан күндерінде Германияда болады.

907139
Премьер-министр Қауіпсіздік конференциясына қатысады

Премьер-министр Бинали Йылдырым 16-18 ақпан күндерінде Германияда өтетін Мюнхен Қауіпсіздік конференциясына қатысады.

Йылдырым Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында "PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ террористтерін жою, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлымдықтан құтқару үшін 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы жөнінде Түркияның орынды екенін Германияда басшыларға баяндап береді.

Йылдырым айырықша бөлшектеуші террор ұйымына берілген НАТО қаруларының Түркияға қарсы қолданылғанын құжаттарымен бірге айтып береді.

54-ші Халықаралық Мюнхен Қауіпсіздік конференциясына 21 мемлекет және үкімет басшысы,  жаһандық қауіпсіздік саясаттарының маңызды тұлғалары қатысады.

Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы төрағасы Вольфганг Ишингер Берлинде өткізген брифингте Түркия жөнінде «бас тартылмас ортақ» деген болатын.

Ишингер Түркия мен террорлық ұйымға әртүрлі қолдау беріп отырған АҚШ арасында қызуды төмендететін келіссөз өткізілуіне үміттенетінін білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар