Түркия Голландиямен қарым-қатынастарды қалпына келтіруге дайын

2017 жылы наурыз айындағы өкілетті елші дағдарысының артынан Түркия-Голландия ынтымақтастығы әлсіреген болатын.

904335
Түркия Голландиямен қарым-қатынастарды қалпына келтіруге дайын

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой Түркия тарапынан Анкараға оралуы қаланбайтын Голландияның Түркия Республикасындағы өкілетті және төтенше елшіcінің ресми түрде кері шақырылғанын мәлімдеді.

Аксой «Қазіргі сатыда Голландия ынтымақтастықты қалпына келтіру жайлы нақты қадам басқан жағдайда, Түркия екі ел қарым-қатынастарын жалғастыруға дайын» деді.

Мәлімдемеші Голландия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде кеше қойған сұрағына қайтарған жазбаша жауабында 2017 жылы наурыз айындағы дағдарыстың артынан Түркия-Голландия ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін Түркияның қажеттіліктерінің білінгенін атап көрсетті.

Аксой аталмыш оқиғаның артынан шетелде жүрген Голландияның Түркия Республикасындағы өкілетті және төтенше елшісінің қайтып міндетіне оралуының қаланбағаны туралы талаптың Голландияның ресми мекемелеріне жеткізілгенін білдірді.

Аксой «Ақыры сол күннен бері де Голландияның Түркия Республикасындағы өкілетті және төтенше елшісі елімізге қайтып келмеді. Қазіргі сатыда Голландия ынтымақтастықты қалпына келтіру жайлы нақты қадам басқан жағдайда, Түркия екі ел қарым-қатынастарын жалғастыруға дайын» деді.



Ұқсас жаңалықтар