Рейханлы ауданына снаряд құлады

Африн аймағындағы PYD/PKK-лық террористердің снаряд шабуылында 1 адам жарақат алды.

900007
Рейханлы ауданына снаряд құлады

Сирияның Африн аймағындағы PYD/PKK террор ұйымының мүшелері Хатайдың Рейханлы ауданына жасаған снаряд шабуылында 1 адам жарақат алды.

Түрік қарулы күштерінің Зәйтүн бұтағы операциясын жүргізген Африн аймағынан 2 снаряд Гүлтепе аумағындағы ешкім тұрмайтын бір үйдің қабырғасына құлады.

Аймаққа көптеген полиция, өрт сөндіргіш және денсаулық сақтау қызметкері жіберілді.

Шабуылда жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді.

Снаряд құлаған үйдің қабырғасы мен бір автокөлікке зиян келді.

Азанғы уақытта болса Африн ауылдық аймағындағы террористтер Килистің Шых Мехмет аумағына снарядпен шабуылдаған еді.

Зәйтүн бұтағы операциясы басталған күннен бері 20 қаңтар күнінен бастап Килиске 20 зымыран құлады. Шабуылдарда біреуі Сириялық 2 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар