Сирияда өлтірілген террорист саны 303-ке ұласты

Зәйтүн бұтағы операциясының 6-шы күнінде 6 нысана жойылды.

896595
Сирияда өлтірілген террорист саны 303-ке ұласты

Сирияның Африн аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK /PYD мен ДАИШ-ке бағытталған Зәйтүн бұтағы операциясының 6-шы күнінде өлтірілген террорист саны 303-ке ұласты.

Түрік қарулы күштері операцияда өлтірілген террористтерге қоса,  атқыланған нысаналарға қатысты мағлұматтарды да бөлісті.

Мәлімдемеде «Зәйтүн бұтағы операциясы аясында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ террор ұйымына тиесілі 47 нысана әуе күштеріне қарасты 27 соғыс ұшағымен жойылды» делінді. 6-шы күні болса тағы 6 нысананың жойылғаны білдірілді.

Операция барысында Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы мүшелері тарапынан Африн ауылдық аймағында 7 террорист ұсталды.

Мәлімдемеде сондай-ақ «Түрік қарулы күштері тарапынан шекараларымыз бен аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатты Сирияның солтүстік батысындағы Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-ке мүше террористерді залалсыздандыру және дос пен бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлымдықтан құтқару үшін басталған операция жоспарланғандай жалғасуда» делінді.



Ұқсас жаңалықтар