Жас журналисттер байқауы

«TRT Болашақтың журналисттері байқауы» болады.

895349
Жас журналисттер байқауы

Жас журналистерге арналған байқауға 1 қаңтардан бастап өтініш қабылдануда.

Түркия теле-радио корпорациясының хабарламасына қарағанда,  Түркиямен бірге Орталық Азия,  Балқан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасында журналистика саласында білім алатын студенттер 1 сәуір күніне дейін өтінім беруіне болады.

Байқау «Дауысты-көріністі хабар», «радиода хабар тарату», «Теледидар» және «интернетте хабар тарату» секілді 4 негізгі аталымда және 10 төменгі аталымда өткізіледі.

Байқауда бірінші орынға 4 мың лира,  екінші орынға 3 мың лира,  үшінші орынға 2 мың лира беріледі.

Егжей-тегжейлі мәліметті www.trtgeleceginiletisimcileri.com адресінен табуға болады.



Ұқсас жаңалықтар