9 ауыл террористтерден тазаланды

Түркияның әскери операциясында террористтердің 198 нысаны қиратылды.

893882
9 ауыл террористтерден тазаланды

Сирияның Африн аймағының террористтерден тазалануы мақсатымен басталған «Зәйтүн бұтағы» операциясы аясында Еркін Сирия армиясына қарасты әскерлер террор ұйымдарының қолындағы жерлерді қайтарып алуда.

Түрік Қарулы күштерінің сауытты көліктері,  арнайы күштері және жаяу әскерлері Африн жерінде шамамен 5 км ілгеріледі.

Афринге қарасты 9 ауыл PKK/PYD-YPG және  DEAŞ террористтерінен тазаланды.

Операциясы аясында 198 нысан қиратылды.

Шекараға әскери жабдық жинау жалғасуда.

Штаб-пәтер басқармасы басшысы,  армия генералы Хулуси Акар да шекарада тексеру жүргізді.

Алғашқы сатыда террористтерден тазаланған аймақта қауіпсіздік дәлізі қалыптастырылады.



Ұқсас жаңалықтар