«Террористердің қалай қашқанын көрдім»

Президент Ердоған партиясының Бурса қалалық филиалының әйелдер құрылтайында үн қатты.

893715
«Террористердің қалай қашқанын көрдім»

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігіндегі Африн аймағында террор ұйымдары PKK/PYD-YPG және ДАИШ-ке қарсы басталған операцияның ең қысқа мерзімде аяқталатынын атап айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған партиясының Бурса қалалық филиалының әйелдер құрылтайында үн қатты.

«Террористердің қалай қашқанын көрдім» деген Ердоған «Террор ұйымы  Афринден қашуда. Олар қашады, біз қуамыз» деді.

Ердоған «Мұсылмандардың барлығы дұғаларымен қолдау береді. Африкадағы балалардың өзі дұға етуде. Жалғыз емеспіз» деді.

Президент Африннің PKK/PYD-YPG террор ұйымының басқыншылығынан құтқарылып, Зәйтүн бұтағы операциясының артынан Африннің нағыз иелеріне қалдырылатынын білдірді.

Террористтерге үн қатқан президент Ердоған «Арқамызда АҚШ-тың қолдауы бар деп Түркиямен күресе алмайсыңдар» деді.



Ұқсас жаңалықтар