"Ең ұзын бағытқа ұшуымыз керек"

Президент түрік авиакомпаниясының шетелдердегі өкілдерін қабылдады.

884699
"Ең ұзын бағытқа ұшуымыз керек"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Әуе жолдарының әлемнің ең ірі авиациялық флотына ие болуы керектігін айтты.

Ердоған Түрік Әуе жолдарының (THY) шетелдегі өкілдерін Президенттік сарайда қабылдады.

Осындағы сөзінде Түрік Әуе жолдарының жұмыстарын мақтаған президент компанияның жаңа нысаналарын да жариялады. «Түрік Әуе жолдары ең ұзын бағытқа ұшуы керек және әлемнің ең ірі авиациялық флотына ие болуы керек» деді ол.

Түрік авиакомпаниясының ең әрі компаниялармен бәсекеде екенін атап көрсеткен Ердоған: «Стамбулда салынып жатқан әлемнің ең үлкен әуежайындағы бірінші мақсатымыз – әлемнің ең ұзын бағыты қайда болса,  соған ұшу» деді.



Ұқсас жаңалықтар