Соңғы 1 аптаның ішінде 53 террорист қолға түсті

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған операцияларда соңғы бір аптада 53 террорист қолға түсті.

878986
Соңғы 1 аптаның ішінде 53 террорист қолға түсті

Түрік қарулы күштері жасаған мәлімдемеде Диярбакыр, Битлис, Тунджели, Батман мен Мардиннің ауылдық аймақтары және Ирактың солтүстігіндегі операциялардың жалғасқаны білдірілді.

Операцияларда 22 – 28 желтоқсан күндері арасында PKK-лық 53 террорист қолға түсті.

Сондай-ақ 14 мылтық, 1 RPG-7 зымыран қағар, 1 тапанша, 3 аңшы мылтығы мен 75 килограмм аммоний нитрат, 6 граната, 3 мың 184 оқ, 7 пулемет оқ-дәрісі, 1 снаряд, 12 RPG-7 оқ-дәрісі, 15 RPG-7 зымыран қағар капсуласы тәркіленді. Операция кезінде 14 қолдан жасалған бомба жойылды.

Операцияларда PKK-ға тиесілі 54 қару бекінісі, баспана, үңгір және қойма анықталып жойылды.

Террор ұйымы PKK-ның табыс көзі болған 185 мың 10 пакет заңсыз темекі тәркіленді.

22-28 желтоқсан күндері арасында 3 әскер шәйіт болды, 9 әскер де жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар