Премьер-министр Йылдырымның Сауд Арабиясы сапары жалғасуда

Король Селман бин Абдүлазиз тарапынан қабылдаған Йылдырым кейін ханзада Мұхаммед бин Селманмен бас қосты.

877252
Премьер-министр Йылдырымның Сауд Арабиясы сапары жалғасуда

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркия мен Сауд Арабиясының тұрақты бейбітшілік үшін аймақтың екі маңызды мемлекеті екенін атап айтты.

Йылдырым «Бұл екі елдің әр салада ортақ жұмыстануы аймақтық және жаһандық бейбітшілік тұрғысынан міндетті» деді.

Бинали Йылдырым «Король Сауд» атындағы қонақүйде журналисттерге мәлімдеме жасады. Премьер-министр Сауд Арабиясына қысқа мерзімді, бірақ өте табысты бір сапар ұйымдастырғанын атап көрсетті.

Сауд Арабиясына бара салып алдымен король Селман бин Абдүлазиз тарапынан қабылдаған премьер-министр Бинали Йылдырым кейін Қорғаныс министрі және ханзада Мұхаммед бин Селманмен оңаша және делегация аралық кездесу өткізді.

Күн тәртібінде екі маңызды тақырып бар екенін атап айтқан Йылдырым біріншіден аймақтық мәселелерді қолға алғандарын білдірді.

Ирак, Сирия, Палестина, Израиль мәселесі, Йеменде жалғасып жатқан ішкі соғыс пен Ливиядағы жаңалықтарға қоса, барлық аймақпен байланысты соңғы жаңалықтардың қолға алынғанын атап көрсеткен Йылдырым бұл тақырыптардың шешім жолдарын, жасауға міндетті жұмыстарды қолға алғандарын түсіндірді.

Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың да қолға алынғанын атап көрсеткен Йылдырым «Екі жақты ынтымақтастығымызды ары қарай қалай жетілдіре аламыз, қандай салаларда ынтымақтастық мүмкіншіліктері бар, осы тақырыптарды да егжей-тегжейлі бағаладық. Әсіресе екі ел арасындағы сауда көлемін арттыру, қорғаныс өнеркәсібінде ортақ жобаларды іске асыру тақырыптарында көзқарас алмастық» деді.



Ұқсас жаңалықтар