Ердоғанның Судан сапары жалғасуда

Президент Режеп Тайып Ердоғанға Суданның Хартум Университеті құрметті доктор атағын берді.

875717
Ердоғанның Судан сапары жалғасуда

Президент Режеп Тайып Ердоғанға Суданның Хартум Университеті құрметті доктор атағын берді.

Судан халқының қонақжайлылығын көріп,  өзінің Хартумда емес, Анкарада, Стамбулда, Түркияда болғандай сезінгенін білдірген Ердоған тарихи Хартум Университетінің өзіне берген құрметті доктар атағы үшін алғыс айтты.

Ердоған Африканың алдыңғы қатардағы университеттің бірі тарапынан мұндай бір атақ бергеніне орай қатты қуанышқа бөленгенін және мақтаныш сезінгенін түсіндірді.

Президент Ердоған Түркияның Суданға білім беру саласында жәрдем беруге дайын екенін білдіріп, «Осы таңға дейін 407 Судандық студент Түркияның стипендиясымен елімізде білім алды. Сонымен қатар қорлар мен қоғамдарымыз да Судандық студенттерге ие шығуда, олардың Түркияда білім алуларына жағдай жасауда» деді.

Президент Ердоған Суда сапарының мағыналы және сәтті өткеніне тоқталып, былай деді: «Ресми сапармен бірге бизнес форумы, Порт Судан зияратына дейін Судан қауымының түрлі азаматтарымен кездесу мүмкіншілігі болды. Бүгін құрметті президентке айтып, Порт Суданға, ол жерден аралға бардық. Баршаға аян ол жерде ТИКА тарапынан реставрация етілген Ханефи жәен Шафи мешіттері бар».

Ердоған мұсылмандардың соңғы жылдарда шеккен қиыншылықтарын түсіндірді.

Президент Епрдоған «Сириядан Иракқа, Ливиядан Мысырға, Йеменнен Шығанақ елдеріне дейінгі көптеген ел қиын жағдайда өмір сүруде. Тарих бойынша ғылым, мәдениет және хикметтің орталығы болған қалаларымыз өкінішке орай осы таңда соғыс алаңына айналуда. Ислам мәдениетінің талай ғасырлық кітапханалары, теңдессіз құнды еңбектері, керемет сәулеттері, тамаша салынған мешіттері террор ұйымдары немесе мемлекеттік террор тарапынан жермен-жексен етілді» деді.

Ердоған модерн басқыншылар және осы таңға импералисттер үшін жалғыз құндылықтың алмас, алтын және мұнай екенін білдіріп, «Олар тек жер асты байлықтарға немесе жер үстіндегі нарық әлеуеттерге ғана көңіл бөледі. Олар үшін мәселе демократия, құқық, әділет емес. Олар үшін мәселе адам, табиғат, қоршаған орта емес.  Олардың жалғыз ғана мақсаты бар. Ол- ақша, мүдде» деген сөздер қолданды.

          


Этикеттер: #Судан , #Ирак , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар