Президент Ердоған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған ауыл басшыларымен президенттік сарайда бас қосты.

872348
Президент Ердоған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның қауіпсіздік стратегиясын «Бір ұлт, бір жалау, бір отан, бір мемлекет» деп жариялады.

Президенттік сарайда ауыл басшыларымен бас қосқан президент «Кім мемлекетімізді құлдыратқысы келсе, паралеллді мемлекет құрғысы келсе, онда стратегиямыздың бұрынғы қорғанына басын ұрады деген сөз» деді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың алдынғы күн жариялаған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына назар аударған Ердоған «Түркия ретінде өзіміздің қауіпсіздік стратегиямызды қысқаша былай түсіндіруге болады: Бір ұлт, бір жалау, бір отан, бір мемлекет. Біздің қауіпсіздік стратегиямыз осы» деді.

Ердоған «Әлде кім ұлтымыз бен бірлігіне, бауырластығына зиян келтіретін болса, қауіпсіздік стратегиямызға шабуылдады деп есептейміз. Әлде кім жалауымызға, шақырылған азанымызға, шәйіттеріміз бен ардагерлеріміз аманат қалдырған құндылықтарымызға құрметсіздік жасайтын болса, ұлттық қауіпсіздігімізді бұзады. Отанымыздың айдалада жатқан бір тасына қолын созуға тырысса, қызыл сызғымыздан өтті деген сөз» деді.

Ердоған «Әлде кім мемлекетімізді құлдыратқысы келсе, паралеллді мемлекет құрғысы келсе, онда стратегиямыздың бұрынғы қорғанына басын ұрады деген сөз. Құндылықтарымызға қолын созғандардың қолын сындыру міндетіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар