Йылдырымның Бангладештегі сапары жалғасуда

Премьер-министр Бинали Йылдырымның Бангладештегі сапары жалғасуда.

871524
Йылдырымның Бангладештегі сапары жалғасуда

Премьер-министр Бинали Йылдырымның Бангладештегі сапары жалғасуда.

Йылдырым Бангладеш сапары аясында Түркияның Дакка елшілігі ғимаратының іргетасын қалу рәсіміне қатысты.

Йылдырым рәсімде сөйлеген сөзінде жаңа елшілік ғимаратының бірдей уақытта 100 жұмыс істей алатынын түсіндіріп «Елімізге лайықты үлкен бір елшілік ғимараты салынады. Бұл ғимарат 2019 жылы жұмысқа қосылады» деген сөздер қолданды.

Даккадағы Ұлттық шейіттігін де зиярат еткен Йылдырым бұл жердегі құрметті дәптерге қолтаңбасын қалдырды.

Йылдырым дәптерге «1971 жылы Бангладештің тәуелсіздік соғысында шейіт болған батырларды түрік ұлты және өз атымнан еске аламын» деген сөздер жазды.

«Түркия мен Бангладеш арасындағы бауырластық байланыстарының тәуелсіз Бангладеш мемлекетінің құрылуынан бұрынғы кезеңге тірелгенін» түсіндірген Йылдырым құрметті дәптердегі жазуын «Түрік ұлты Бангладештік бауырларының Азаттық соғысымызда берген қолдауын әсте ұмытпайды. Мемлекеті үшін батылдықпен соғысқан Бангладеш шейіттеріне құрмет көрсетемін. Олардың мұрасы Бангладеш халқын осы демократия, байлық және тұрақты елінің құрылуында жігерлендірген» деп жалғастырды.

Енді бір жағынан премьер-министр Йылдырым Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА тарапынан салынған Медициналық факультеті және зерттеу ауруханасына қарасты кемотерапи бөлімінің ашылуын жасады.

         



Ұқсас жаңалықтар