Йылдырым АҚШ-тың Иерусалим шешімін сынға тартты

Премьер-министр Йылдырым «Иерусалим жөнінде қате есептер жасағандар аяғында өкінеді» деді.

870220
Йылдырым АҚШ-тың Иерусалим шешімін сынға тартты

Премьер-министр Йылдырым «Иерусалим жөнінде қате есептер жасағандар аяғында өкінеді» деді.

Премьер-министрі Бинали Йылдырым Әділет және даму партиясының Чанкыры қалалық конгресіне қатысты. Йылдырым бұл жерде жасаған баяндамасында Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Тарамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тануына наразылық көрсетті және «Бұл аймақта Иерусалимде қате есептер жасағандар аяғында өкінеді» деді.

Премьер-министр Йылдырым «Құрметті президентіміздің басшылығында Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) басшылар саммиті өткізілді және маңызды шешімдер жасалды. Бұл саммитте Ислам әлемі Иерусалимге және Палестинаға ие шықты. Палестиналықтар иесіз емес. Барлық елдерді астанасы Шығыс Иерусалим болған Палестина мемлекетін тануға шақырдық» деді. 



Ұқсас жаңалықтар