Арменияға шақыру: Ходжалы қырғынының есебін беріңдер

Түрік Сыртқы істер министрлігі Арменияға қатал жауап берді.

868630
Арменияға шақыру:  Ходжалы қырғынының есебін беріңдер

Армения Сыртқы істер министрі Эдуард Налбандиан Түркия-Армения арасындағы қалыпқа ену хаттамаларының мақұлданбауына Түркияны жауапты деп тапты. Осы айыптауға түрік сыртқы істер ведомствосы қатал жауап берді.

Министрліктің хабарламасында армяндардың сөздерінің шындыққа жатпайтыны айтылды.

Хабарламада айырықша Армения Атазаң сотының 2010 жылғы 12 қаңтар күнгі үкімімен хаттамалардың рухына қарсы шарттар мен шектейтін үкімдер ортаға қойылғаны еске салынды.

Хабарламада сонымен бірге армян диаспорасының Армения үкіметіне қысым жасағаны да атап көрсетілді.

Сыртқы істер министрлігі Арменияның теріс ұстанымына қарамастан Түркияның хаттамалардың негізгі үкімдеріне тәуелділігін сақтап келгенін білдірді. Хаттамалардың Түркияда мақұлдануы үшін Оңтүстік Кавказда қолайлы саяси атмосфера және бейбітшіліктің орнауы керектігі атап көрсетілді.

Түрік сыртқы істерінің хабарламасында «Армениядан күтетініміз: таласты тарихи тақырыптарды тастап,  жақын тарихтың ең маңызды адамдық қылмыстарының бірі Ходжалы қырғынының есебін беруі» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар