Ислам елдері кезектен тыс бас қосады

Ислам елдері басшылары Түркияда жиналады.

866930
Ислам елдері кезектен тыс бас қосады

Ислам елдері басшылары Түркияда бас қосады.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану және өкілеттік елшілікті Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру жөніндегі шешімінен кейін Түркияда кезектен тыс жиналады.

Ертең өтетін саммит аясында президент Режеп Тайып Ердоған Ислам елдері басшыларымен бас қосып,  Иерусалимнің АҚШ тарапынан Израильдің астанасы ретінде жариялануына қарсы басылатын қадамдарды қолға алады.  аталмыш жиналыстан кейін қорытынды декларация жарияланады.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммитіне 48 елден өкілдер қатысады.  Ауғанстан, Әзірбайжан,  Бангладеш, Индонезия,  Палестина,  Гвинея, Иран, Катар, Кувейт, Ливия, Ливан, Сомали, Судан, Того, Иордания мен Йеменің басшылары келеді.

Қазақстан мен Өзбекстан мәжіліс төрағалары деңгейінде қатысады.

Бақылаушы елдердің бірі Солтүстік Кипр Түрік Республикасы атынан президент Мұстафа Акынджы, қонақ ел мәртебесіндегі Венесуэладан президент Николас Мадуро қатысады.



Ұқсас жаңалықтар