Путин Анкараға келеді

Путин Ердоғанның шақыруымен 11 желтоқсан дүйсенбі күні Түркияға келеді.

864818
Путин Анкараға келеді

Путин Ердоғанның шақыруымен 11 желтоқсан дүйсенбі күні Түркияға келеді.

Ресей Президенті Владимир Путин Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен 11 желтоқсан дүйсенбі күні Анкараға келеді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Путиннің Президент Ердоғанның шақыруымен 11 желтоқсан күні Түркияға сапарлай келетінін білдірді.

Президент Ердоған мен Ресей Президенті Путиннің Анкарада өткізілетін кездесулерінде Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас, Иерусалимдегі соңғы оқиғалар, Сирияның жағдайы, аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасады.

Президент Ердоған мен Ресей Президенті Путин кеше де Иерусалимдегі оқиғалар жөнінде телефонда сөйлескен еді.
         



Ұқсас жаңалықтар