Ердоған Путин және Францискпен телефонда сөйлесті

Телефондағы әңгімеде Иерусалим тақырыбындағы соңғы жағдай қолға алынды.

864088
Ердоған Путин және Францискпен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Иерусалим шешіміне байланысты Ресей президенті Владимир Путинмен   телефонда сөйлесті.

Телефондағы әңгімеде Иерусалим тақырыбындағы соңғы жағдай қолға алынды.

Израильдің 1980 жасаған Иерусалим тақырыбындағы шешімінің халықаралық ұйым және БҰҰ тарапынан қабылданбағанына назар аударған Президент Ердоған Америка Құрама Штаттары әкімшілігінің соңғы қадамының аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа  зиян тигізетінін түсіндірді.

Ресей Президенті Владимир Путинмен бірдей көзқараста екенін білдірген Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі көлемінде осы жағдайды қадағалап отыратынын айтты.

Осы барыста Президент Ердоған Иерусалимдегі соңғы оқиғаларға байланысты католиктің рухани лидері Папа Францискпен де телефон арқылы сөйлесті.

Телефон әңгімелерінде АҚШ әкімшілігінің Иерусалим тақырыбындағы соңғы қадамының алаңдаушылық туғызғаны білдірілді.

Ердоған Папа Францискке Иерусалимде соңғы жағдайды қорғалуына байланысты үндеуіне орай алғыс айтты.

Президент Ердоған мен Папа Франциск АҚШ әкімшілігінің басқан соңғы қадамының қате екенін және бұны басқа платформада тілге тиек ететіндерін баяндады.



Ұқсас жаңалықтар