Йылдырым Оңтүстік Кореяға барды

Премьер-министр Бинали Йылдырым екі күндік іссапармен Оңтүстік Кореяға барды.

861348
Йылдырым Оңтүстік Кореяға барды

Премьер-министр Бинали Йылдырым екі күндік іссапармен Оңтүстік Кореяға барды.

Премьер-министр Бинали Йылдырым мен жұбайы Семиха Йылдырым Түркия сағаты бойынша Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыстағы кемежай қаласы Пусанға барды. Йылдырымды бұл жерде Пусан сыртқы істеріне жауапты елші Хонг Сонг Хва, Түркия Оңтүстік Кореядағы төтенше және өкілетті елшісі Арслан Хакан Окчал мен жұбайы Пынар Окчал, Түркияның Пусандағы құрметті консулы Парк Са Ык және елші қызметкерлері қарсы алды.

Премьер-министр Йылдырым одан кейін Сеулге барады және Оңтүстік Корея премьер-министрі Ли Хак Енмен кездеседі.  Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин тарапынан қабылданатын Йылдырым Оңтүсттік Корея Ұлттық Мәжіліс төрағасымен де кездеседі.

Премьер-министр Йылдырым кореялық компаниялардың басшыларымен де кездеседі. 

Йылдырымның сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 60 жылдығына дөп келуімен маңызды.



Ұқсас жаңалықтар