Ердоған жұма күні Трамппен телефонда сөйлесті

Ердоған Трамппен осы апта ішінде тағы бір рет сөйлесуі мүмкіндігін білдірді.

856790
Ердоған жұма күні Трамппен телефонда сөйлесті

Ердоған Трамппен осы апта ішінде тағы бір рет сөйлесуі мүмкіндігін білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған жұма күні Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Тармппен телефонда сөйлесті. Телефондағы әңгімелерінде осы апта ішінде тағы бір рет телефон арқылы сөйлесуі мүмкіндігін айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

Ердоған жұма күні болып өткен әңгімеде бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы PYD мен YPG-ге қару жәрдемін жасап, қателік істегендерін қабылдаған Трамппен осы апта ішінде тағы бір рет сөйлесуі мүмкіндігін білдірді.

Ердоған «АҚШ Президенті Трамппен телефонда сөйлестім. Бұл АҚШ-Түркия қарым-қатынастарын жақсарта алатын бір сөйлесу болып табылады. Трамппен YPG-ден Фетуллахшы террор ұйымына дейінгі көптеген тақырыпты қолға алдық, әңгімелерімізді алдымыздағы күндерде жалғастырамыз» деді.

Ресейдің Сочи қаласында 22 қарашада Түркия, Ресей және Иранның президент деңгейінде маңызды бір үштік саммиттің болып өткенін баяндаған Ердоған «Саммитте аймағымызда болған дағдарысты қолға алдық. Маңызды шешімдер жасадық. Үш ел бірдей түсінікте болуы саммиттің маңызын арттырды. Сирияда бейбітшіліктің орнатылуы жөнінде жұмыстарымызды жалғастырамыз» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар