Калын: АҚШ-тың PYD/YPG-мен байланысын үзуін күтеміз

Президенттік аппараттың мәлімдемешісі Ибрахим Калын АҚШ-тың террор ұйымы PYD/YPG-мен байланысын үзетін уақыт келгенін мәлімдеді.

851676
Калын: АҚШ-тың PYD/YPG-мен байланысын үзуін күтеміз

Президенттік аппараттың мәлімдемешісі Ибрахим Калын АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-мен ынтымақтастығын енді жою керектігін атап көрсетті.

Калын «Ол бастан бізге PYD/YPG-мен байланысының уақытша екенін, яғни Ракка ДАИШ-тен тазаланғанша, ДАИШ қаупі жойылған соң ынтымақтастығын үзетінін айтты. Сондықтан қазір АҚШ-тың PYD/YPG-мен байланысын үзуін күтеміз. Өйткені міндет орындалды» деді.

Ибрахим Калын француз трансляция мекемесі France 24-ке сұхбат берді.

Калын НАТО жаттығуында Ататүрік пен Режеп Тайып Ердоғанның фотосуреттері қолданылған скандалды тергеу керектігін атап көрсетті.

Калын Түркияның НАТО-ның мықты бір одақтас екенін атап, «Көптеген жаттығуда орын алдық. НАТО-ға 50 жылдан астам мүшеміз. Әрине бұл оқиға жіті қадағаланып, тергелу керек. Мұны кім жасады, сол фотосуреттерді нысана тақтайшасына кім орналастырды және т.б. Бір әскери одақ мұндай қатты дисциплинасы бар жүйеде мұны қалай жасай алады?» деді.

Түркияның бұл тақырыпта НАТО-дан кешірім қабылдағанын еске салып, бұл оқиғаның әдейі жасалып, жасалмағаны жайлы бір сұраққа «Егжей-тегжейін білмеймін. Көреміз» деп жауап қайтарды.

Түркия мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтағы дағдарыспен байланысты бір сұраққа Калын «АҚШ-пен ұзақ уақытқа созылған бір одақтастық бар. Бірақ соңғы бірнеше жылда Обама әкімшілігіне дейін кемшілік болған екі негізгі мәселеміз болған. Олардың бірі Сирияда ДАИШ-пен күрес атымен PYD/YPG-ге берген қолдауы. Екінші мәселе болса АҚШ-тағы Гүлен террор ұйымы басшысы мен жақтастары. Қазір Гүлен ұйымы АҚШ жүйесін Түркияға қарсы шабуылға қозғайды» деп жауап қайтарды.

Калын Сириядағы жағдайға қатысты «Сирияның басын қосатын Асад емес. Заңдылығын жоғалтты. Сирияны құшақтайтын, демократиялық, көп мәдениетті және заңды бір үкімет құрылымына апара алмайды. Ақыры бұған Сирия халқының өзі шешім қабылдайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар