НАТО Бас хатшысы президент Ердоғаннан кешірім сұрады

Йенс Столтенберг президент Ердоғанға телефон шалып, НАТО әскери жаттығуындағы скандал үшін кешірім сұрады.

850604
НАТО Бас хатшысы президент Ердоғаннан кешірім сұрады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, НАТО әскери жаттығуындағы скандалмен байланысты кешірім сұрады.

Президенттік ақпарат көздеріне қарағанда Столтенберг әңгіме барысында қолбасшылық тарапынан қажетті тергеу жұмыстарының басталғанын және оқиғаға себеп болғаны анықталған келісім-шартпен жұмыс істейтін бір норвегиялық техниктің жұмыстан шығарылғанына назар аударды.

Столтенберг Түркияның НАТО үшін маңызды бір одақтас екенін атап көрсетті.

Ұқсас бір оқиғаның қайталанбауы үшін қажетті барлық шаралардың қабылданатынын атап көрсеткен Столтенберг скандалдың НАТО мен Түркия арасындағы ынтымақтастыққа болымсыз ықпал етпеуін үміт еткенін де атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар